Келес ауданында сағатына 3 тонна минералды су өндіретін жаңа зауыт іске қосылуға дайын. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров ауданға жұмыс сапары аясында құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын заманауи кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сондай-ақ аудан орталығында тұрғындармен кездесіп, елді мекендердегі өзекті мәселелерді тыңдады.
Келес ауданында минералды су өндіретін жаңа зауыттың құрылысы аяқталды. Жүзімдік ауылдық округінде орналасқан кәсіпорынның құрылысына 2,5 миллиард теңге инвестиция салынған. Өндіріс орны заманауи қондырғылармен жабдықталған. Қазір іске қосу жұмыстары пысықталып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірісті толық іске қосуға қажетті мәселелерді талқылады. Жоба толық іске асқанда, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ауданда өндіріс орындарымен қатар, кәсіпкерліктің өзге де бағыттары дамып келеді.