Түркістан облысы Отырар ауданында бес бірдей ауылдық округтің шаруалары егіс алқаптарына жете алмай отыр. Себебі, ҚазСуШар мекемесінің тапсырысы бойынша каналдарда тазалау жұмыстарын жүргізген мердігер қажетті өткелдердің барлығын бұзып, қайта қалпына келтірмеген. Салдарынан 12 мың гектар жердің иелері көктемгі дəнін себе алмай, жоңышқаларын ора алмай отыр. Тығырыққа тірелген шаруалардың мəселесінен аудан жəне облыс əкімдігі толық хабардар. Атамекен кəсіпкерлер палатасының облыстық филиалы да жағдайды ауыл шаруашылығы министріне де жеткізген. Шаруалардың мəселесі екі жыл бұрын басталған. Қазсушар мекемесі қарамағындағы қазылғанына 70 жылдан асқан каналдарды тазалау үшін 4 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Ал мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңіске жеткен серіктестік өткен жылдың ақпанында қазу жұмыстарын бастайды. Алайда мердігер орта жолға келгенде жұмысты тоқтатады. Бүгінде бұл мəселе бойынша ақшаны алып жұмысты аяқтамай кеткен кəсіпкердің үстінен прокуратураға арызданған. Осылайша жауаптылар шарулардың мəселесін өз қаражаттары есебін шешеміз деп отыр. Алайда шаруалар жүзге жуық өткел бұзылып кеткен дейді. Сондықтан оны 10 күннің ішінде толықтай қалпына келтіреді дегенге сенбей отыр.