Халықты ең көп мазалайтын түйткілдердің көш басында — жол сапасы тұр. Кейінгі үш айда түскен 7 мыңнан астам сауалдың 1173-і тікелей осы салаға тиесілі. Еліміздің 14 өңірінде ең өткір мәселе ретінде танылған бұл жағдай «Әділет» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында сөз болды. Жиында түйткілді учаскелер жан-жақты қаралды. Мысалы, Жетісу облысы Арқарлы ауылы маңындағы жолдың жай-күйі, Атырау - Орал тас жолындағы жөндеу жұмысының ұзаққа созылуы, Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнына апаратын жол, Қарағанды облысындағы Ақадыр-Мойынты учаскесі назарға алынды. Құрылтай депутаты Марат Қожаев бұл нысандарға қатаң қоғамдық бақылау орнатылатынын мәлімдеді.