Түркістан
EN

Келес ауданында қордаланған мәселелер талқыланды

13
09.11.2026

Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімінің көлемі едәуір артып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бір ғана биылдың өзінде өңірде екі мектеп, заманауи спорт кешені мен мәдениет ошағы ел игілігіне берілген. Аудан орталығында өткен жиында осы оң өзгерістермен қатар, алдағы даму жоспарлары мен тұрғындар көтерген сауалдар ортаға салынды.

Аймақ басшысы алдымен Келестің даму көрсеткішіне тоқталды. Айтуынша, жалпы өңірлік өнім көлемі 48 пайызға өсіпті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 млрд теңгеден асып жығылған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 77 млрд теңгеге жеткен. Дегенмен, кемшілік те жоқ емес.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Келес ауданы 2025 жылдың қорытындысымен облыста 13-орында болса, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17-орынға төмендеген. Келес аудаын ауыл шаруашылығы, сауда әлеуеті жоғары бола тұра даму көрсеткіші енді түзеліп келе жатыр.