Түркістанда медиа саласы мамандарына арналған ерекше оқу бағдарламасы басталды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің базасында қазақ тілінде алғаш рет «Мини эм-би-эй ин стратиджик камьюникейшнс энд медиа менеджмент» атты біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған бағдарлама медиа менеджмент пен стратегиялық коммуникацияның қыр-сырын меңгеруге арналған. Оқу бағдарламасының алғашқы күнінде қатысушыларға стратегиялық коммуникацияның негіздері түсіндірілді. Сондай-ақ брендті ілгерілетуде және ақпараттық бәсекелестікте жасанды интеллекті тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі. Бұдан бөлек, дағдарыс кезіндегі коммуникация мәселелері де талқыланады. Ал екінші күні медиа жобаларды басқару, мәтін жазу шеберлігі және ақпаратты талдау тақырыптары қамтылады. Қатысушылар зерттеу жүргізу, мәліметтерді сараптау және сапалы ақпарат дайындау бойынша білімдерін толықтырады. Осылайша, екі күндік буткемп қатысушыларға медиа саласындағы заманауи үрдістерді меңгеріп, кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік берді.