Түркістан
EN

150 оқушы ұлт ұстазының шығармаларын бір мезетте оқыды

11
09.11.2026

Түркістандық 150 оқушы бір мезетте Ыбырай Алтынсариннің таңдаулы шығармаларын оқыды. Елордасы Астана қаласынан бастау алған марафон, өзге аймақтарда да жалғасты. Кітапханалар мен мектептерде оқушылар бір уақытта ұлы ағартушының «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» және «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерін оқып, өзара талдады. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның өскелең ұрпақтың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, рухани құндылықтарды дәріптеу. Марафон үшін Ыбырай шығармаларының таңдалуы тегін емес. Ұлы ұстаздың әңгімелері қысқа әрі ұғынықты болғанымен, баланың бойына еңбекқорлық, адалдық, ізгілік пен тазалық сияқты адами құндылықтарды сіңіруде тәрбиелік мәні өте зор.