Түркістан облысында мемлекеттік гранттың көмегімен кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға бағытталған бағдарлама аясында биыл өңірде 1450 грант беру жоспарланған. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлердің жұмысымен әріптесім Айдана Дүйсенбаева танысып қайтты.
Кәсібі қолдау тапқандардың бірі - Аяулым Тұрсынхан. Көпбалалы ана жақында балаларға арналған робототехника үйірмесін ашып, жас өрендерді техникалық шығармашылыққа баулып жүр. Қазір мұнда ай сайын 20-дан астам бала білім алады. Үйірмеге 4 пен 16 жас аралығындағы балалар қабылданады. Олар робот құрастырып, техникалық құрылғылармен жұмыс істеуді үйренуде.