Түркістанда құрылысы қарқынды жүріп жатқан 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың жұмысы биыл аяқталады. 15,6 гектар аумақта бой көтерген нысанды тұрғызуға 300-ден астам адам жұмылдырылып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басым бөлігі орындалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров нысанды аралап, сапасын бақылады. Келер жылы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілетін жаңа аурухана іске қосылған соң, өңірдегі заманауи диагностика мен емдеу қызметтерін дамытуға үлкен жағдай жасалады.