Түркістан
EN

Есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

14
06.11.2026

Ақтөбеде жол полициясы инспекторлары синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолын кесті. Арнайы операция барысында 10 келі психотроптық зат тәркіледі. Қасүнемдер жеке үйді жалға алып, кейін оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған. Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды. Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын толық мойындап, есірткі жасырылған орынның қайда орналасқанын айтты. Нәтижесінде, орман алқабынан тағы 10 пакет тәркіленді.