Түркістан
EN

6 жаңа өндірістік ғимарат іске қосылды

10
06.11.2026

Шардара ауданында өндіріс өрістеп, әлеуметтік қолдау күшейіп келеді. Өңірде жергілікті бюджет есебінен салынған жаңа өндірістік нысандар іске қосылып, кәсіпкерлер жиһаздан бастап капсулалы үйлерге дейін шығара бастады. Бүгін ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров өндіріс орындарымен танысты. Сондай-ақ 10 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады. 

Жалпы аумағы бір гектарды құрайтын жаңа индустриялық алаңға 410 миллион теңге қаржы бағытталған. Мұнда әрқайсысы 200 шаршы метр болатын дайын 6 өндірістік ғимарат бой көтеріп, кәсіпкерлерге пайдалануға берілді. Бүгінде шеберлер жиһаз жасау мен өзге де сұранысқа ие өнімдер шығаруды жолға қойған. Қазір бұл аумақта тағы 5 ангардың құрылысы жүріп жатыр.