Павлодар өңірінде отандық IT-экспортты еселейтін бірегей «Деректер орталықтары алқабы» бой көтеруде. Жобаның алғашқы кезеңінде жалпы қуаты 304 мегаватт болатын үш ірі деректер орталығы салынады. Қазірдің өзінде алғашқы нысандардың іргетасы қаланып қойған. Жоспарға сәйкес, бұл кешендер 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен толық іске қосылады. Ал 2029 жылға қарай алқаптың жалпы қуатын 1 гигаватқа дейін жеткізу көзделген. Үкіметте өткен кеңесте белгілі болғандай, халықаралық инвесторлардың қатысуымен іске асатын бұл бастама елімізге 20 жыл ішінде 115 миллиард доллар қаржы тартуға мүмкіндік береді. Ал жоба толық қуатына шыққанда, жыл сайынғы экспорттық түсім 3 миллиард доллардан асады деп бағалануда.