Түркістан
EN

Түркістандық уақыт емшісі

10
06.11.2026

Әрбір сағаттың тырсылында өз сыры, өз үні бар. Оның тілін тек нағыз шебер ғана түсінеді. Ол сағатты бөлшектеп жатпай-ақ, сыртылдап соққан соққысынан жазбай таниды. Түркістандық уақыт емшісі- Кәрімжан  Сапарметов отыз жылдан бері тық-тық еткен сырлы дүниені түзеп келе жатыр. Шебер  жайлы келесі бейнематериалда. 

Осы бір дүңгіршек Кәрімжан Сапарметовтың екінші үйіне айналғандай. 30 жылдан бері таң атқаннан кеш батқанға дейін көзге көрінгенмен қолға ұстауға келмейтін майда темірлерді орны орнына қойып, бұзылған түрлі сағатты бүтіндеп, жөнейді. Бұл оның сүйікті ісі. Сондықтан асқан сабырлылықты талап ететін істі қабақ шытпай атқарып жүр.