Түркістан
EN

ҮЕҰ өкілдерімен жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды

11
06.11.2026

 Мемлекет пен бұқара арасындағы байланысты нығайтуда үкіметтік емес ұйымдардың орны ерекше. Әлеуметтік қолдау, қайырымдылық, экология, жастар саясаты мен азаматтардың құқығын қорғау – осы ұйымдар айналысатын негізгі бағыттардың бір парасы ғана. Олардың қызметі тек қоғамдық белсенділікпен ғана шектелмей, ел дамуының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Осы мақсатта Түркістанда облыстық үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен келелі  жиын өтті. Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттер талқыланып, азаматтық қоғам институттарының өңірлік дамуға қосатын үлесі сөз болды. Басқосуда үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің тың ұсынысы мен сыни пікірлері тыңдалып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды мемлекет тарапынан қолдаудың маңызы айтылды. Айта кетейік, өңірде 800-ден аса үкіметтік емес ұйым тіркелген.