Түркістан
EN

Архив саласындағы заңнамалық өзгерістер талқыланды

11
06.11.2026

Биыл оңтүстік өңіріндегі архив ісіне 100 жыл толды. Осыған орай, өңірде архив ісі мен құжаттаманы басқару бағытындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар өтті. Шараға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының ведомстволық архив қызметкерлері қатысты. Жиынның басты мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жетілдіру.

Қатысушылар архив  саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен танысты. Сондай ақ, құжаттарды сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібін талқылады. 

САЛТАНАТ ТАШАНОВА  - Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы 

Қазіргі кезде көп басшылар цифр түсінбейді. Құжаттарды электронды көшірмесін жасап одан қағаз түрінде жою керек деп. Сол мәселе дұрыс емес. қазіргі кезде құжаттар бизнес проц жеңілдету бойынша, ұзақ сақтау бойынша, мәліметтерді тез іздеу бизнес процессі жасалған.