Түркістан
EN

Электр энергетикасы саласының өзекті мәселелері талқыланды

12
06.11.2026

2029 жылға қарай энергетиктердің алдында қуат көзін артығымен өндіру міндеті тұр. Ол үшін генерация қуаттарын арттыру мен электр желілерін дамыту және тұтыну көлемінің өсуін толық үйлестру қажет. Бұл туралы Премьер-министрі Олжас Бектенов электр энергетикасы саласының мамандарымен өткізген кеңесте айтты. Жиында «KEGOC» акционерлік қоғамының инвестициялық жобалары таныстырылды. Алдымен оңтүстік өңірдің энергетика жүйесін нығайту үшін Алматы – Жамбыл – Шымкент транзитінің өткізу қабілетін 440 Мегават-қа арттыру жоспары тұр. 2027 жылы аяқталатын жоба, оңтүстік аймақты сапалы электроэнергиямен қамтамасыз етеді. Тура осындай ірі жоба Батыс Қазақстанда да жүзеге асады. Бірақ, қуаты әлдеқайда жоғары, 500 Мегават. Сондай-ақ, Алматы мен Жетісу облысының электр желілерін дамыту жоспарлары да қаралды. Ал, «Самұрық-Энерго» компаниясы Мемлекет басшысының сын-ескертпелерінен кейін жұмысты күшейткенін мәлімдеді.