Қорғаныс министрлігінің 104 нысаны тексеріліп, анықталған заңбұзушылықтар бойынша 37 іс қозғалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасақталған комиссия әскери нысандардың қауіпсіздігін, сарбаздардың тұрмыс жағдайын және бюджет қаражатының жұмсалуын тексерген. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу мүддесіне байланысты істердің мән-жайы әзірге жарияланбайды. Комиссия жұмысы қараша айында аяқталады.