Түркістан
EN

Жаңадан ашылған оңалту орталығы 6 ауданның балаларына қызмет көрсетеді

5
05.11.2026

 Ақтөбе облысының Темір ауданында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ainala» оңалту орталығы ашылды. Мұнда енді алты ауданның балалары тегін ем-дом алып, оңалту шараларынан өте алады.

Орталықтың жалпы аумағы – 2 мың шаршы метр. Бір мезетте 50 баланы қабылдауға қауқарлы. Қазір мұнда 11 бала оңалтудан өтіп жатыр. Нысанда АВА-терапия, сенсорлық интеграция, емдік дене шынықтыру және механотерапия кабинеттері бар. Бұдан бөлек, тұз бөлмесі, иммерсиялық ванна, еңбек және арт-терапия шеберханалары жабдықталған. Ата-аналарға қолайлы жағдай жасау үшін орталықта күндізгі бөлім де қарастырылған. Яғни, олар баласын мамандардың қарауына қалдырып, оңалту қызметтерін ала алады.