Түркістан
EN

Қазақтың үш бірдей мәдени мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынылды

7
05.11.2026

Қазақтың үш бірдей мәдени мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынылды. Олар салбұрын мерекесі, кесте тігу және дәстүрлі киіз басу өнері. ЮНЕСКО жариялаған құжатта олар адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген. Айта кетейік, салбұрын - тазы мен бүркіт қатысатын дәстүрлі аңшылық фестиваль. 2013 жылы еліміздің материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізіміне енгізілген. Оны әрі қарай Юнеско тізіміне енгізу ұсынысын Қазақстан өзі жасаған. Кесте тігу өнері номинациясын Қазақстан Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп ұсынса , «Дәстүрлі киіз басу» номинациясын елімізбен бірге сегіз мемлекет тізімге қосуға өтініш берген. Түпкілікті шешім 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Қытайдың Сямынь қаласында өтетін Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің сессиясында қабылданады.