Түркістандық студенттер Кореяда өткен халықаралық мәдени шарада Қазақстанның тарихы мен өнерін таныстырды. Вусонг Қазақстан университетінің білім алушылары әлемнің әр түкпірінен келген студентермен бір сахнада өнер көрсетіп, шетелдік көрерменнің ықыласына бөленген.
Қазақ тарихын сахна тілімен сөйлетіп, ұлттық өнерді шетелдік көрерменге танытқандардың бірі – Сұлтан Амантайұлы. Түркістандық студент өзге белсенді білімгерлермен бірге Корея елінің «Мәдениет күні» аясында ұйымдастырылған шараға қатысты. Әлемнің 100-ден астам елінен жиналған жастармен бір сахнада өнер көрсетіп, ән мен биді, тарихи бейнежазбалар мен театрландырылған қойылымды ұштастырған.