Ал Қытайда үш мың метрге жуық биіктікте салынған алып көмір электр станциясы жұмысын бастады. Бір апта бойына созылған сынақтан сәтті өткен бұл кешен жылына 6 миллиард киловатт-сағат электр қуатын өндіреді. Бұл - шамамен 6 миллион 600 мың тұрғынның жылдық қажеттілігін толық жабуға жететін көрсеткіш. Жаңа кешеннің басты ерекшелігі - тек қуат өндірумен шектелмейді. Цинхай өңірінде күн мен жел станциялары ауа райы бұзылған сәтте қажетті қуатты бере алмай қалатын. Ал көмірмен жұмыс істейтін бұл алып станция жасыл қуаттың тербелістерін теңгеріп, желідегі жүктеменің сақталуына кепілдік бермек.