Түркістан
EN

Жасыл энергетика дамып келеді

6
05.11.2026

Түркия жасыл энергетикаға бет бұрғанымен, көмір мен газға тәуелділіктен арыла алмай отыр. Елде күн мен желден қуат өндіру қарқын алғанымен, электр энергиясының басым бөлігі әлі де дәстүрлі қазба байлықтар арқылы өндіріледі. Энергетикадағы осы қайшылық Анталияда өтетін COP31 халықаралық климаттық саммиті қарсаңында қайта көтерілді.

Ұшы-қиыры көрінбейтін мына алып алқап — Түркияның ең ірі күн электр станциясы. Кония провинциясындағы Қарапынар кешенінің аумағы 2 мың 600 футбол алаңымен пара-пар. Мұнда 3 миллионнан астам күн панелі үздіксіз қуат өндіріп тұр. Үш жылдан бері іске қосылған бұл нысан елдің жылдық электр сұранысының 1 пайызға жуығын жауып, көміртегі қалдығын азайтуға септігін тигізуде. Мамандар мұндай жобалар қоршаған ортаның ластануын азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретінін айтады.