Ташкентте қарағандылық жас футболшылардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстанның Бас прокуратурасы тергеу басталғанын хабарлады. Еске салайық, халықаралық турнирге қатысу үшін барған қазақстандық спортшылар қонақүйде таңғы ас ішіп, кейін өздерін жайсыз сезінген. Дерекке сүйенсек, олар шала піскен жұмыртқа мен шұжық жеген. Оқиғаға байланысты Чиланзар ауданының прокуратурасы санитариялық заңнаманы немесе эпидемияға қарсы ережелерді бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.