Ел Премьер-министрі Олжас Бектенов «Самұрық Қазына» қорының директорлар кеңесімен жүздесті. Жиында қордың өткен 9 айдағы жұмысы қорытындыланды. Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша кіріс 13 пайызға, ал таза пайда 19 пайызға өскен. Қор қолдау көрсеткен негізгі жобалардың бірі Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісі. Жоба халықаралық деректер алмасу мүмкіндігін кеңейте түседі. Кеңес мүшелері отандық тауар өндірушілерге де қолдау жасап жатқанын жеткізді. Соңғы тоғыз айда сатып алу көлемі 1 жарым трлн теңгеге дейін жетіпті. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 45 пайызға артық.