Түркістан
EN

Есірткі таратты деген күдікпен жас жігіт ұсталды

6
05.11.2026

Шымкентте есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Ол қыркүйек айынан бері интернет-дүкеннің курьері әрі есірткіні қаптамаға салып ораушы ретінде  жұмыс істеген. Күдіктіні полиция қызметкерлері «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға түсірді. Жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту кезінде құрамында мефедрон бар 3 орама тәркіленген. Одан кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағындағы жасырын орындардың бірі анықталды. Онда тағы бір ірі орамаға салынған мефедрон табылды. Тәркіленген психотроптық заттың жалпы салмағы 200 грамнан асады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.