Түркістан
EN

Ойыншық жасау өндірісі дамып келеді

6
05.11.2026

Түркістандық кәсіпкер ағаштан балаларға арналған ойыншықтар жасап, ұлттық қолөнердің өрісін кеңейтіп жүр. Бүгінде ол ай сайын кемінде 100-ге тарта бұйым дайындап, еліміздің әр өңіріне жөнелтеді. Тіпті шетелден де сұраныс бар. Кәсіпкер мемлекеттік қайтарымсыз гранттың көмегімен өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеген. Ерекше шеберхананың жұмысымен әріптесім Айдана Дүйсенбаева танысып қайтты.

Асхат Сәрсенов жеті жыл бойы жиһаз жасаумен айналысқан. Ағашпен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгерген кәсіпкердің ойыншық өндірісін қолға алуына өз перзенттері себеп болыпты. Бес баланың әкесі ағаш бөліктерімен ойнап жүрген бүлдіршіндерінің қызығушылығын байқап, жаңа кәсіпке бет бұрады. Қазір тауарлардың сызбасын әзірлеп, нарыққа шығаруға дейін өзі бақылап, ісін жолға қойды.