Түркістан
EN

Көгілдір отын шалғай ауылдарға жетті

7
05.11.2026

Түркістан облысында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Өңір бұл көрсеткіш бойынша республикада көш бастап тұр. 73 ауылды табиғи газға қосу үшін бюджеттен 12,7 млрд теңге бөлінді. Бұл – ауыл инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың бірі.

Мұнда қыста үй жылыту үшін күн сайын пеш жағуға тура келетін. Бәйдібек ауданының шалғайдағы Қошқар ата мен Кеңсай ауылдарының тұрғындары үшін бұл тіршілік жақын арада жеңілдемек. Былтыр басталған магистральды газ құбырын тарту жұмыстары қазір таулы аймақта жалғасып жатыр.