Әлемдік стандартқа сай мына аялдамалар Түркістан облысы, Сауран ауданынан шығады десем сенесіз бе? Бұл аялдамалардың ерекшелігі телефоныңызды осында қойып қуаттай аласыз, Сағаттың неше болғанын, автобустың қайда келе жатқанын көруге мүмкіндік бар. Және сынбайтын тот баспайтын мықты әйнек пен болаттан жабдықталған.
Заманауи павильондарды шығарушы компаниясы жолаушылар ағынына арналған үш үлгі ұсынып отыр. Күн панельдері арқылы қуат алатын бұл нысандар LED-жарықтандыру, бейнебақылау камералары және Wi-Fi жүйелерімен толық жабдықталған.
ОМАР БАҚТЫКЕРЕЙ компания директоры
Біз неше жылдан бері астановка жасап жүрміз. Бірақ енді қарапайым еді. Биылдан бастап өзіміз авторлық құқық алып жаңадан цифрландырылған ұсынайық деп осыны қойып жатырмыз. Сыртқы бейнесінің де ерекшелігі дизайнерлік авторлық құқығы бар остановка.