Түркістан
EN

Улы газды анықтайтын құрылғы орнатылуда

7
05.11.2026

Түркістан облысында жылыту маусымында өрт пен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Өткен жылыту маусымында өңірде көмірқышқыл газынан уланудың 3 дерегі тіркеліп, 6 адам көз жұмған. Тағы 3 тұрғын жарақат алған. Ал биыл жыл басынан бері облыста 346 өрт оқиғасы болды.  Салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 7-сі жарақаттанған. Өрттен келген материалдық шығын 1 миллиард 226 миллион теңгеден асты. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігіне басымдық берілген. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр.

МЕЙРАМХАН КЕМЕЛХАНОВ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Біздің негізгі кезекте қатты отынмен уланудың алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстарымыз қазіргі таңда газосигнализаторный датчик шыққан. Бұл қатты отынмен жанатын үйде, көмір дұрыс жанбай үйге улы газ кірсе, датчик сигнал береді. Сол сигнал арқылы есік терезені ашып адамдарды сыртқа шығарып үлгеруге болады.