Түркістан
EN

Серік Пірәлиевтің тағылымды ғұмырына арналған дөңгелек үстел өтті

5
05.11.2026

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи университетін жылдар бойы басқарып, қара шаңырақтың қазығын берік қаққан белгілі ғалым Серік Жайлауұлы Пірәлиевті еске алуға арналған басқосу өтті. «Ұлттық тәрбие ұлықпаны» аталған жиында ұстаздың көзін көрген зиялы қауым, әріптестері мен шәкірттері бас қосып, оның өнегелі жолын ғибратты ғұмырын зерделеді. Бұл шара артына өшпес із қалдырған тұлғаның еңбегін ел есінде жаңғырту үшін ұйымдастырылды. Жиында ғалымның өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, оның ұлттық білім мен тәрбие саласына сіңірген еңбегі жан-жақты сөз болды. Ұлағатты ұстаздың салған сара жолы мен тәрбиелік мұрасы бүгінгі жас буынға жарқын үлгі боп қала бермек.