Түркістан облысында жылыту маусымында өрт пен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Өткен жылыту маусымында өңірде көмірқышқыл газынан уланудың 3 дерегі тіркеліп, 6 адам көз жұмған. Тағы 3 тұрғын жарақат алған. Ал биыл жыл басынан бері облыста 346 өрт оқиғасы болды. Салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 7-сі жарақаттанған. Өрттен келген материалдық шығын 1 миллиард 226 миллион теңгеден асты. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігіне басымдық берілген. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр.