Түркістан облысында есірткі сатуға қатысты заңсыз жарнамаларды жою жұмыстары күшейтілді. Кентау қаласында полицейлер көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына жазылған есірткі саудасын насихаттайтын жарнамаларды анықтап, өшірді. Жыл басынан бері өңірде осындай бес профилактикалық іс-шара өткізілген. Нәтижесінде есірткі жарнамасы мен вандализм сипатындағы 46 граффити жазбасы жойылды. Полиция өкілдері мұндай заңсыз жазбаларды анықтау және жою жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.