Түркістан
EN

Қазақстанда Network School іске қосылды

3
05.11.2026

Қазақстанда халықаралық технологиялық білім беру жобасы – Network School іске қосылды. Бұл бастама отандық технологиялық экожүйені дамытып, цифрлық салаға қажетті жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Жобаның негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманың маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, еліміз білім, ғылым және цифрлық құзыреттілікті дамытуға басымдық беріп отыр. Сондай-ақ Астанада ашылған Network School Kazakhstan жобасының отандық университеттермен, стартаптармен және технологиялық кәсіпорындармен әріптестік орнату жоспарын құптады. Кездесу барысында жобаның негізгі бағыттары таныстырылды. Оның ішінде цифрлық шешімдерді дамыту, адам капиталын арттыру және инновациялық әзірлемелерді өндіріске енгізуге қолайлы жағдай жасау көзделген. Ал Президент Astana AI Film фестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін қонаққа алғыс білдірді.