Түркістан
EN

Заңсыз дәрі – дәрмек тарату арналары тоқтатылды

3
05.11.2026

Еліміздің бірнеше өңірінде адам ағзасына күшті әсер ететін психотроптық препараттарды заңсыз таратқан арналар әшкереленді. Ішкі істер министрлігі жүргізген жедел іс-шара нәтижесінде 21 адам ұсталды. Олар Көкшетау, Шучинск мен «Бурабай» курорттық аймағындағы операция барысында анықталды. Нәтижесінде, фармацефтикалық компания иелері мен қызметкерлері, курьерлерден жасақталған топтың  11 адамы қолға түсті. Тінту барысында «Тропикамед» препаратының 50 мыңнан астам құтысы және өзге де психотроптық  4 мың дәрі тәркіленді. Сондай ақ,  олардан атыс қаруы, оқ-дәрілер, автокөлік пен ірі көлемдегі ақша қаражаты табылды. 

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС – ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ 

Мұндай қылмыстар қоғамға елеулі қауіп төндіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Қабылданған шаралардың нәтижесінде күшті әсер ететін препараттарды заңсыз таратудың бірнеше арнасының қызметі тоқтатылып, қауіпті өнімдердің едәуір көлемі заңсыз айналымнан алынды және олардың халық арасында одан әрі таралуына жол берілмеді. ІІМ осындай қылмыстарды анықтау және жолын кесу, заңсыз схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау және оларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.