Түркістан
EN

Вусонг университеті: құны 7,5 млрд теңгелік жаңа кампус салынуда

4
05.11.2026

Биыл Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Түркістан облысында Қазатомөнеркәсіптің қаржыландыруымен жаңа кампус салынуда. Вусонг IT университеті жанындағы нысанға 7,5 миллиард теңге бөлінген. Кешен студенттерге заманауи білім алып, ғылыммен және спортпен айналысуға мүмкіндік бермек. Тақырыпты тілші тарқатады.

Азиза Рамазан – Вусонг қазақ-корей университеттің екінші курс студенті. Деректер ғылымын меңгеріп жүрген ол оқу барысында стартап жобасын әзірлеп, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік алған. Жас маман Оңтүстік Кореяға екі рет барып, білімін жетілдіріп қайтқан.

АЗИЗА РАМАЗАН СТУДЕНТ

Алдыңғы жылы стартап проект ашқан болатынбыз. Оның аты “Сөйле AI”. Яғни ол стартап проект арқылы біз түрлі хакатондарға, проектілерге қатысқан болатынбыз. Ол арқылы үлкен тәжірибе жинадық.