Референдумның өтуіне санаулы күн қалды. 27 жылдан кейінгі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды. Өйткені Конституцияның үштен бір бөлігін өзгерту сіз бен біздің қолымызда тұр. Сондықтан да оны насихаттау жауапты миссия. Осы мақсатта Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев білім беру мекемесінің ұжымы мен қоғамдық көлік жүргізушілерімен насихаттық жиын өткізді. Президент айтқан «Мықты Президент, ықпалды парламент, атқарушы Үкімет» қағидатының әлеуметтік тіршілігіне қалай әсер ететінін түсіндірді. Бүгінде референдум өтетін орындар дайындықтарын пысықтауда. Мәселен №139 учаскіде 3 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Оның 200-і колледж қызметкері.