Түркістан
EN

Ашық қалған құдыққа 7 бала түсіп кеткен

8
05.11.2026

Биыл елімізде су мен кәріз жүйесі топтасқан 270-тен аса құдықтың қақпағы ашық күйінде тұрғаны анықталған. Осындай немқұрайды әрекеттен  7 бала шыңаруға құлап  кетіп, мертіккен. Бұл туралы бүгін Құрылтай отырысында сөз болды. Осы мәселені көтерген депутат Нұрсадық Ергешбек, премьер министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа сауал жолдады. Оның сөзінше, беті ашық құдықтар тұрғындардың, әсіресе кішкентай балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр. Мәселен, елде әлі күнге дейін инженерлік құдықтардың бірыңғай цифрлық базасы жасалмаған. Соның есебі болмағандықтан, оқыс жағдай орын алғанда оған нақты қай мекеменің жауапты екенін анықтау қиынға соғады. Осыған байланысты депутат Үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады.

НҰРСАДЫҚ ЕРГЕШБЕК – ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ        

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, анықталған ашық люктер саны 2021 жылы 126-дан, 2025 жылы 356-ға дейін өсті,  ал 2026 жылдың тоғыз айында тағы 276 әкімшілік іс тіркелген. Склейка Қолданыстағы абаттандырудың үлгілік қағидалары бойынша қауіпті аймақты бір сағат ішінде қоршауды және қақпақты бес сағатқа дейінгі мерзімде ауыстыруды көздейді. Дегенмен, нақты есеп беру, қауіпті жедел анықтау және орындау болмаса, стандартты мерзімдердің өзі жеткіліксіз