Түркістан
EN

Кәуап пісірген тұрғынға 125 миллион теңге айыппұл салынды

149
28.05.2022

Орманда кәуап пісірген адамға 125 млн теңге айыппұл салынды. 36 жастағы азамат отбасымен табиғатқа демалысқа шығып, от жағып тамақ әзірлеген. Алайда осы абайсыз әрекетінен өрт шығып, 300 гектарға жуық орман күлге айналған. Сол маңайдағы 10 шақты үйдің шаңырағы ортасына түсті. Екі адам қаза тапты. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған. Полицейлердің айтуынша, күдікті алдымен өртті өзі сөндірмек болған. Бірақ күші жетпейтінін түсінген соң оқиға орнынан қашып кеткен. Тергеу кезінде одан айғақ зат ретінде мангал тәркіленіпті. Сот үкімімен енді ол екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, зардап шеккендерге 125 миллион теңгені бөліп төлеуі тиіс.