Түркістанда алғаш рет жаяу жүруден спорттық шара өтті. Акцияға қатысушылардың ең үлкені 60 жаста болса, ең кішісі 5 жасар балақай. Аталған шара «Amanat» партиясының қолдауымен өткізілді. Акцияға қатысушылар Керуен сарай - Есімхан алаңы бағыты бойынша шамамен 7 шақырымды еңсерді, яғни, орта есеппен он мың қадам. Бұл белсенділігі орташа адам күніне жүруі тиіс қашықтық. Осы арқылы қатерлі ісік және жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алады. Рухани астанада тек мәдени емес, тұрғындарды салауатты өмір салтына үгіттеу шаралары өткізілуі тиіс дейді ұйымдастырушылар. Спорт шарасына қатысушылардың саны 500-ге жуық. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, білім және медицина саласының мамандары, қоғам белсенділері мен студенттер бар.