Ордабасы ауданы тұрғындары сенбіні тазалық күніне арнады. Қажымұқан ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов кесенесінің айналасында тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға 500-ден астам адам жұмылдырылды.
Игі бастама Қажымұқан ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мұражай аумағында өтті. Оған 600- ге жуық адам атсалысты. Нәтижесінде мұражай аумағы мен оның айналасы тазартылып, 25 ескерткіштің маңы ретке келтірілді. Экологиялық шараға аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге тиісті сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен еріктілер қатысты. Олар алдымен кесенеге барып, даңқты балуанның рухына Құран бағыштады. Сондай-ақ, аудан әкімі тарихи орындарді күтіп ұстаудың маңыздылығын атап өтті.