Түркістан
EN

Жаңа кейіптегі мәдениет үйі

10
02.11.2026

Отырар ауданында Мәдениет үйі жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтармен толықты. Оған «Қазақстан халқына» қоры қаржылай қолдау көрсеткен. Осылайша өңірдегі әлеуметтік нысандардың бірінің күретамырына қан жүгірді. Өнер ордасының жаңа кейпімен тілшіміз танысып қайтқан еді. 

Мәдениет сарайының сыртқы аумағына киіз үй, этно аймақ пен алтыбақан қойылған. Одан өзге жаймашуақ күндері мәдени шара өткізу үшін далаға сахна да орнатылыпты. Екінші қабаттағы кабинеттердің бірінде би үйірмесіне ағылған бүлдіршін жетерлік. Би саласының білгірі Айдын Абайхан 10 жылдан аса уақыттан бері  жас жеткіншектерге халықтық, классикалық, балет билерін үйретуде.