Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды. Полиция мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны пәтердің ең жоғарғы қабатын пайдаланып, мефедрон дайындаумен айналысқан. Көршілерге күдік тудырмау үшін өндіріс орнындағы сорғышты желдеткіш шахтасына жалғаған. Тінту кезінде бір килограмм дайын есірткі мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді. Жалпы алынған заттың салмағы 4 жарым келі. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.