Түркістан
EN

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

6
02.11.2026

Ақтөбеде есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар қылмыстық әрекеттерді әлеуметтік желі арқылы іске асырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, топ мүшелері міндеттерді өзара бөлісіп, күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеген. Осылайша олар тәулік бойы төлем қабылдап, ақша аударғандары белгілі болды. Осылайша алаяқтар қылмыстық жол арқылы 400 млн теңгені айналымға енгізген. 

ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ 
Интернет-дүкен операторлары тапсырыс ақысын төлеу үшін сатып алушыларды осы айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін оларға есірткі жасырылған орындардың координаттары жіберілген.Айырбастау тобы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясын жүргізген. Ақша қабылдау үшін өзге адамдардың — дропперлердің атына ашылған 22 банк картасын пайдаланған.Кейін түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап, есірткі саудасын басқаратын адамдардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударып отырған. Аударылған ақшаның жалпы көлемі 918 мың USDT-ден асқан. Бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең.Қылмыстық әрекетті ұйымдастырған адам қамауға алынды.