Түркістан
EN

Анонимді кері байланыс жүйесі енгізілуде

9
02.11.2026

Әскери қызметшілердің өтініші енді қағаз жүзінде емес, цифрлық форматта қабылданады. Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінде ULAN SENIM жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. Қазақстандық Aitu мессенджері негізінде әзірленген платформа арқылы сарбаздар QR-кодты сканерлеп, қолбасшылыққа анонимді түрде өтініш жолдай алады. Әр өтінішке жеке нөмір беріліп, оны қарауға үш күн уақыт қарастырылған. Жүйе әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, материалдық қамтамасыз ету, әскери тәртіп, құқықтардың қорғалуы және моральдық-психологиялық ахуалға қатысты мәселелерді қамтиды. Тіпті сарбаздар күн тәртібін өзгерту немесе асхана мәзірін жаңарту жөнінде де ұсыныс енгізе алады. Қазір платформаның жұмыс істеу тетіктері пысықталып жатыр. Сынақ кезеңінен кейін оны Ұлттық ұланның өзге әскери бөлімдеріне енгізу мүмкіндігі қарастырылады.