Түркістан
EN

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін баспаналар заңсыз үйлестірілген

117
28.05.2022

Түркістан қаласының әкімдігі жетім балаларға берілуі тиіс баспананы себепсіз үлестірмей келген. Заңбұзушылық қалалық прокуратруаның араласуымен оңынан шешілді. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 40 жас жеткіншекке үйдің кілті табысталды. Жетім балаларға 1 ай бұрын берілуі тиіс болған үйлерді әкімдік себепсіз тежеген. Жағдайдың алдын алған прокуратура қызметкерлерінің айтуынша кінәлілерге әкімшілік айыппұл салынып, сөгіс берілген екен. Айта кетейік, жетім балаларға берілген 40 үй жиһазбен жабдықталып, тұрмысқа керекті заттармен де толықтырылған.