Ал Таразда мектеп оқушысы тізгіндеген көлік каналға аударылып кетті. Жас түлектердің мектеп бітіру қуанышына келген «Лексус» маркалы автокөлік жүргізушісі, аз уақытқа көлігін ашық қалдырып кеткен. Сол кезде 17 жастағы оқушы көлікке отырып өз бетінше жүргізбек болған. Ол газ бен тежегішті шатастырып алып, жол талғамайтын үлкен көлікті игере алмай қалыпты. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Ал көлікке келген зардапты екіжақ азаматтық сот арқылы шеше алады, - дейді Жамбыл облысы полиция департаменті.