«Олжас Сүлейменов Әзербайжан көзімен» кітабы жарық көрді. Бакуде өткен он екінші халықаралық көрме аясында «Түркі мәдениеті және мұрасы қоры» жаңа туындыны көптің алдында таныстырды. Кітапқа көрнекті ақынның әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевпен сүбелі сұхбаттары, тарихи жазбалары мен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің ақын жайлы ойлары жазылған. Кітаптың тұсаукесер салтанатына қос елдің белді жазушылары мен қоғам белсенділері қатысты. Олар Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы жайында ой қозғап, деректі туындының мазмұнына тоқталды.
ЭЛЬМИРА АХУНДОВА – АЗЕРБАЙЖАНДЫҚ ЖАЗУШЫ
Бұл кітап Азербайжан халқының және оның жазушылары мен ақындарының Олжас Сүлейменовке деген үлкен құрметі мен махаббатының дәлелі. Туындыда 600-ге жуық өлең шумағы, очерк пен шығарма бар. Берері мол бұл кітап оқырманның көңілінен шығады деп ойлаймын.