Еліміздің мектептерінде күзгі демалыс басталды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балаларға үйде, көшеде және интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіруге шақырды. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мектептерде іс-шаралар да ұйымдастыра алады. Оқушы оған тек ата-анасының келісімімен ғана қатыса алады. Сондай-ақ, елімізде қосымша білім беретін шамамен 3 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді. Мұндай мекемелер балалардың қызығушылығына қарай қабілеттерін дамытуға күш салады. Айта кетейік, күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Оқушылар 2 қарашада сабаққа қайта кіріседі.