Түркістан
EN

Мақта өңдейтін екі зауыт іске қосылды

17
27.10.2026

Түркістан облысы шикізат өндіруші емес, дайын өнім шығаратын аймаққа айналып келеді. Отырар ауданында мақта өңдейтін тағы екі зауыт іске қосылды. «Түркістан тоқыма» серіктестігі былтыр алғашқы екі нысанды пайдалануға берсе, биыл тағы екеуінің құрылысы аяқталды. Осылайша алып кәсіпорынның төрт зауыты түгелдей сапқа қосылды. Зауытты салуға 17 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған. Ол «Turan» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асып отыр. Заманауи қытайлық технологиямен жабдықталған бұл өндіріс ошақтары жылына 320 мың тонна ақ алтынды қабылдап, 110 мың тонна сапалы талшық шығаруға қауқарлы.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Біз шығарылатын өнімді тек қана шикізат емес, оны терең өңдеп қосалқы табысты осы өзіміздің өңірде қалатын ғып сол бағытта жұмыстанып келе жатырмыз. Жалпы айтатын болсақ осы жобаның өзінде қазір 1600 жұмыс орны ашылып отыр. Оның ішінде мың жарымы өзіміздің жерлес азаматтар.