Түркістан
EN

3 мыңнан астам жүйрік қатысқан халықаралық марафон өтті

11
27.10.2026

Республика күнінде Түркістан көшелері ерекше қарбаласқа толды. Көне шаһарда осымен бесінші рет «Turkistan Marathon» халықаралық жүгіру жарысы өтті. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған ауқымды шараға әлемнің 20-дан астам елінен 3 мыңға жуық жүгіруші жиналды. Толығырақ Тілшіміз Балым Әлішер баяндайды. 

БАЛЫМ ӘЛІШЕР, ТІЛШІ

Бүгін Түркістан көшелерінде әдеттегі қарбаластың орнына спорттық бәсеке қызды. Мұнда ешкім біреуден қашып бара жатқан жоқ. Керісінше, мыңдаған адам өз мүмкіндігін сынап, межелі қашықтықты бағындыруға ұмтылды. Бұл — бесінші рет ұйымдастырылған халықаралық марафон.