Асықата ауылында жасөспірім аяғын комбайнға қысып қалды. Жайсыз жағдай егістік алқабының басында болған. 17 жастағы жасөспірім ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп жатқан сәтте аяғы орақтың арасына кептеліп қалады. Хабарлама түскен бойда құтқарушылар жедел жеткен. Олар жасөспірімнің аяғын арнайы құралдың көмегімен босатты. Зардап шеккен жасөспірім қазір дәрігерлердің қарауында.
ӘБДЕШЕВ НҰРЖАН ОРЫНБАСАРҰЛЫ, ДӘРІГЕР ТРАВМАТОЛОГ
Жансақтау бөлімінде науқасқа керекті мамандармен атап айтқанда, хирург, қан тамыр хирургы, реанимотолог мамандармен жұмыла бірлікте қаралып, ауыр жарақаттарына бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, науқасқа керекті диогностикалық іс-шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы қазір ауыр, бірқалыпты.